Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде Гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі

Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде Гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы жолы бұл шара «Ресурстарды гепатитті жоюға жұмсайық!» ұранымен өтеді, әр адамды сырқатпен қалай күресуге болатынын білуге шақырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын осы дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан аталған инфекциялық ауру туберкулезден кейін екінші орында тұр. Ал гепатит жұқтырғандар саны АИВ санынан 9 есеге көп. 

Гепатиттің алдын алуға және емдеуге болады, ал С гепатиті толық жазылады. Бірақ гепатитпен ауыратын адамдардың 80%-на алдын алу, тексерілу және емдеу шаралары қолжетімсіз. 
Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2018 жылы осы сырқат бойынша диспансерлік есепте 67 мыңнан астам тіркелген, олардың 5717-сіне диагноз алғаш рет қойылған. Гепатитпен ауыратын науқастардың басым бөлігі Алматы (8943), Нұр-Сұлтан (8088) қалаларында, Түркістан облысы (6592) мен Шымкентте (6369). Вирустан қорғанудың негізгі алғышарттары: 
1. Таза ауыз су ішу
2. Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау
3. Санитариялық шараларды арттыру (стерильденген инелер, ұстаралар, және басқа медициналық құралдар)
4. Жыныстық-қатым қатынаста қорғану
5. Иммунитет көтеру.

Балаларды емізу және су беру туралы

Жазда бала көп ішу керек. Ыстық ауа райында бала жиі терлеп, көп сұйықтықты жоғалтады. Сіз өзіңіз балаңызға қандай сусын беретініңізді өзіңіз таңдай аласыз, бірақ мамандар жазғы кезеңде бала ағзасына шамадан тыс салмақ салмау үшін баланы суды көбірек беруге кеңес береді.

Сондықтан бала өзі су сұрағанын күтпестен, мезгіл-мезгіл су беріңіз. Мұны дұрыс істеу үшін кейбір нұсқауларды есте ұстаңыз:

1. Балаға тамақтандыру арасында су ұсыныңыз. Егер бала тамақтану кезінде су ішсе, су асқазан шырынын сұйылтады және қоректік заттар баяу және нашар сіңіріледі.

2. Суық су бермеңіз. Ол ангина, трахеит, ларингит ауруларына себеп болуы мүмкін. Суды балаға бермес бұрын дене температурасына дейін қыздырыңыз. Содан кейін бала шөлін тез қандырып, қажетті элементтерді алады.

3. Бала ішуді қаламайды ма? Мейіз қайнатпасын дайындаңыз, бұл сусыннан бас тарту екіталай. Балалар көп қозғалады, сондықтан үлкендерге қарағанда суды көбірек ішуі тиіс. 

Тамақ

Шамамен алты айдың ішінде баланың энергия мен қоректік заттарға деген қажеттілігі емшек сүтімен қанағаттануы мүмкін деңгейден асып, қосымша тамақтануды енгізу қажет болады. Осы жаста бала басқа тамақ өнімдерін пайдалануға және өзінің дамуына дайын. Бала алты айға толған соң қосымша тағам енгізбеу немесе қосымша тағамды тиісінше енгізбеу баланың өсуіне әсер етуі мүмкін. Тиісті қосымша тамақтандыру жөніндегі басты принциптер:

Бала емізу туралы 10 дерек

1-факт: алғашқы алты ай ішінде емізу өте маңызды.

ДДСҰ ұсынады:

  • Ана босанғаннан кейін бір сағат ішінде емізуді бастау керек.
  • Балалардың оңтайлы өсуін, дамуы мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін алғашқы алты ай бойы тек емшекпен емізу керек. Содан кейін балалардың тамақтануға деген өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрамы бойынша тиісті қоректік заттарды және жалғастыру емшек сүтімен қоректендіруге қосымша қауіпсіз қосымша тамақты енгізу керек.
  • Емшекпен емізуді екі жасқа дейін және кейін жалғастыру 

2-факт: емшекпен  емізу балаларды балалар ауруларынан қорғауды қамтамасыз етеді.   

Емшек сүті жаңа туған нәрестелер мен емшек жасындағы балаларға арналған тамаша тағам болып табылады. Емшек сүтінде балаларға салауатты даму үшін қажетті барлық қоректік заттар бар.  Ол қауіпсіз және оның құрамында әлемде балалар өлімінің негізгі екі себебі болып табылатын диарея және пневмония сияқты кең таралған балалар ауруларынан балаларды қорғауға ықпал ететін антиденелер бар. Емшек сүті оңай қолжетімді және құны бойынша қолайлы, бұл емшек жасындағы балалар үшін дұрыс тамақтануды қамтамасыз етеді.

Нашақорлықтың алдын алу

Есірткіні пайдалану мүмкіндігі туралы айтылатын күдікті белгілер:

- Баланың тұйықталуы (ата-аналармен қарым-қатынасы нашарламай болуы мүмкін). Бала бұрын үйде отбасымен немесе сабақта  өткізген уақытында жиі және көбірек серуендейді;

- Мүмкін, бала тым кеш ұйықтайды және таңертең төсекте ұзағырақ жатады;

- Оқуға немесе үйреншікті әуестікке және хоббиге қызығушылық төмендейді, ата-аналар мектептегі сабақ уақытында баласының қыдырып жүргені туралы білуі мүмкін;

- Үлгерім төмендейді;

- Қаржы сұранымдары ұлғаяды, жас бала көбірек мөлшерде ақша сұрай отырып, оларды қанағаттандыру жолдарын іздейді (егер ата - ана әмиянынан ақша немесе үйден бағалы заттар жоғалса – бұл өте қауіпті белгі!);

01.png02.png03.png04.png05.png06.png