Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байқау кеңесінің отырысы өтті

on .

 

2019 жылғы 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық балалар ауруханасы» МКК базасында №1 қалалық балалар ауруханасының Байқау кеңесінің отырысы өткізілді. Байқау кеңесінің төрайымы – Н.М.Петухова және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен баланы қорғау бөлімшесінің басшысы А.Б.Лебаева «№1 қалалық балалар ауруханасының» бас дәрігері Л.П.Павловец қатысты.   

 

Байқау кеңесі отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер: 

 

1. ШЖҚ «№1 қалалық балалар ауруханасы» МКК Байқау кеңесінің хатшысын тағайындау, өкілеттік ету мерзімін және еңбекақысын анықтау.

 

2. Байқау кеңестері бар Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын нысанындағы медициналық ұйымдарға арналған ұжымдық басқару типтік кодексі туралы.  

 

3. Бас дәрігердің стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары лауазымын енгізу туралы.

 

4. «№1 ҚБА» 2018-2020 (2019 жылғы жоспар) жылдарға арналған даму жоспары жобасын уәкілетті органға келісімге ұсыну және жоба бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қорытынды беру.

 

5. «№1 ҚБА» қызметкерлеріне 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бонустық төлемақы төлеу және даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде материалдық көмек көрсету мәселелерін шешу.  

  • IMG_0147-27-09-19-02-31
  • IMG_0148-27-09-19-02-31
 

01.png02.png03.png04.png05.png06.png