Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«Өмір үшін жүгіру!» иммунтапшылығы бар науқастарды қолдау жарысы өтті

on .

«№1 қалалық балалар ауруханасының» қызметкерлері 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақта болған марафонға қатысты. Бастапқы иммунтапшылығы бар науқастарды қолдау жарысы – «Өмір үшін жүгіру!».

Бұл акция Қазақстан Республикасы иммунологтарының 4-7 қазанда өткен ІІ съезінің «Клиникалық иммунологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде жүргізілді. Жүгіруді  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен Қазақ иммунодефициттер қоғамы, Қазақстан Республикасының иммунолог дәрігерлерінің ассоциациясы өткізді. 

Бұл акцияның мақсаты – бастапқы иммун тапшылығымен ауыратын адамдардың проблемасына қоғам назарын аудару.

  • 01
  • 02

 

01.png02.png03.png04.png05.png06.png