Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тұмаудың алдын алу ережелері!

on .

Эпидемиологиялық маусым басталғанға дейін тұмауға қарсы екпе жасатыңыз.

Адамдар көп жиналатын жерде бетперде киіңіз.

Ауру белгілері бар, мысалы түшкіріп немесе жөтеліп тұрған адамдардың жанында ұзақ тұрмаңыз.

Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе даладан кіргенде және қоғамдық көліктен шыққаннан кейін қолыңызды тазалап жуыңыз.

Мұрын қуысын тазалап шайыңыз, әсіресе даладан кіргенде және қоғамдық көліктен шыққаннан кейін мұрныңызды жуыңыз.

Өзіңіз отырған орынжайды жиі-жиі желдетіңіз. 

Өзіңіз отырған орынжайдың еденін жиі-жиі жуып, шаңын сулы шүберекпен сүртіңіз. 

Өзіңіз отырған орынжайдың ауасын ылғалдандырыңыз.  

С дәрумені бар азық-түліктерді көбірек пайдаланыңыз (мүкжидек, жалбыз, лимон және т.б.)
Сарымсақ пен пияз қосылған тамақтарды көбірек жеңіз.

Дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттар мен дәрілерді қабылдаңыз.

Отбасында немесе жұмыстағы ұжымда біреу тұмаумен ауырып қалған жағдайда вирусқа қарсы препараттарды профилактика ретінде қабылдаңыз (қарсы көрсетілімдерді есепке ала отырып, дәрігердің ұсынымы бойынша және препаратты қолдану нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз).

Салауатты өмір салтын сақтаңыз, ұйқыңызды қандырыңыз, дұрыс тамақтаныңыз және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысыңыз. 

01.png02.png03.png04.png05.png06.png