Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі

Бөлімді жоғары санатты дәрігер, тәжірибелі дәрігер неонатолог Аскербекова Жазира Аскербекқызы басқарады,

еңбек өтілі 15 жыл.

0 күннен 2 айға дейінгі жаңа туған балаларды шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу: тыныс алу органдарының, терінің және тері асты клетчаткасының ауруларымен, перинаталдық кезеңде пайда болатын жекелеген жағдайлармен, туа біткен даму ауытқуларымен, тұқым қуалайтын және генетикалық ауытқулармен, құрсақішілік дамуының кідіруімен.

Бөлімше дәрігерлері: 

Аденова Айша Тұрғынқызы дәрігер-неонатолог, еңбек өтілі 12 жыл.

Абдикаримова Айнұр Абсұлтанқызы неонатолог, педиатр дәрігер, балалар кардиологының сертификаты бар, өтілі 12 жыл. 

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлік және мейірбикелік қызметкерлері жаңа туған балаларды емдейді. Ол үшін бөлімшеде барлық қажетті заманауи медициналық жабдықтар бар.

Бөлімнің негізгі міндеті: 

  • Жаңа туған нәрестелерге жоғары білікті неонатологиялық көмек көрсету.  
  • Нәресте кезеңде туған немесе ауырған жаңа туған нәрестелерді толық оңалту, балалардың мүгедек болу қаупін төмендету 
  • Жаңа туған нәрестелерге медициналық көмекті ізгілендіру – бұл қолайлы қоршаған орта жағдайында жүргізілетін барынша аялауыш емді және күтуді пайдалану, температуралық жайлылық, жарық пен шудың әсерін шектеу, дененің жайлы жағдайын беру, тері жамылғысының тұтастығын қорғау, ауырсыну және тактильді тітіркендіргіштерді шектеу.

Бөлімше «Ана мен бала» қағидасы бойынша жұмыс істейді, бұл ананың өз баласының жанында тәулік бойы бірге болуын көздейді.

Бөлімше базасында Астана медицина университетінің «№1 балалар аурулары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кеңес береді. Кафедра жетекшісі – профессор, м.ғ. д., жоғары санатты дәрігер педиатр, аллерголог – иммунолог Моренко Марина Алексеевна. Кафедра доценті, жоғары педиатр дәрігері Гатауова Мадина Рафхатовна бөлімшеге консультациялық көмек көрсетеді.

Жаңа туған нәрестелердің аналары мен туыстарымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және оларға эмоциялық қолдау көрсетіледі.

Аналарға балалармен бірге қарқынды терапия палаталарында болуға рұқсат етіледі.

Нәрестелер патологиясы бөлімшесі табиғи емшек емізуді қолдайды. Сонымен қатар, бөлімшеде балаларға арналған сүт асханасы (сүт қоспаларын дайындау) жұмыс істейді.

01.png02.png03.png04.png05.png06.png