Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«Емшекпен табысты емізудің он қағидатын» жүзеге асыру бойынша комиссия келіп кетті

on .

«№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК –  «Балаға мейірімді қарым-қатынас» мәртебесі бар аурухана. Босануға көмектесу және жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша қызмет көрсететін әрбір мекеме мәртебесін алу үшін «емшекпен табысты емізудің он қағидатын» жүзеге асыру бойынша өзіне міндеттеме алады. Оларға медицина қызметкерлерін даярлау, жүкті әйелдерді оқыту, емшекпен емізуді ерте бастау үшін жағдай жасау, ана мен баланың бірге болуы, сәбидің талап етуі бойынша тек емшек сүтімен тамақтандыру, шөлмектер мен емізіктерді пайдаланудан бас тарту, шөлмектен емізу, перзентханадан шыққаннан кейін емізетін аналарды одан әрі қолдау жөніндегі іс-шаралар жатады.

12.02.2020 жылы «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы», №1 педиатрия бөлімшесі (жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі) «емшекпен табысты емізудің он принципін» қолдауды бағалау жөніндегі комиссияны қарсы алды, комиссияны Чувакова Тамара Құрманғалиқызы басқарды.

Балалар дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, Профессор. Тамара Құрманғалиқызы №1 педиатрия бөлімінің меңгерушісі Ж.А.Аскербекова, №1 КҚБА директорының медициналық бөлім бойынша орынбасары Д. Е. Қожекеновпен бірге бөлімшені аралап, ана сүтімен тамақтандыру мәселелері туралы аналармен әңгімелесті. Сонымен қатар емшек емізудің пайдасы мен техникасы туралы әңгіме жүргізілді.

  • 001
  • 0010
  • 0011
  • 0012
  • 0013
  • 0014
  • 0015
  • 0016
  • 0017
  • 0018
  • 0019
  • 002
  • 0020
  • 0021
  • 0022
  • 0023
  • 003
  • 004
  • 005
  • 006
  • 007
  • 008
  • 009
01.png02.png03.png04.png05.png06.png