Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Аурухана қызметкерлерін үздіксіз оқыту жоспарына сәйкес ауруханаішілік дәрістер өткізілді

13.02.2020 жылы ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК базасында аурухана қызметкерлерін үздіксіз оқыту жоспарына сәйкес ауруханаішілік дәрістер өткізілді.

«Түйілу. Дақпырт және шындық».  Баяндамашы №1 педиатрия бөлімінің меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Аскербекова Жазира Аскербековна. Қарастырылған мәселелер: АІЖ диагностикасы, жаңа туған балалардағы түйілу симптомдары мен емі.

«Қызылша. Қазіргі кезеңдегі аурудың негізгі аспектілері». Баяндамашы педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының магистрі, «№1 балалар аурулары» кафедрасының ассистенті Ахметова Ұлжан Әбдіжалықызы. Өзекті мәселелер: ерте кезеңдердегі диагностика, дифференциалды диагностика, 2019 жылғы эпидемиологиялық жағдай.

«Пневмонияның емі кезіндегі антибактериалды терапияның заманауи аспектілері». Баяндамашы пульмонология бөлімшесінің педиатр дәрігері Аманова Жансая Шакенқызы. Презентацияны «№1 балалар аурулары» кафедрасының оқу меңгерушісі доцент Гатауова Мадина Рафхатовна дайындады. Қарастырылған мәселелер: әлемдік клиникалық нұсқаулықтарға сәйкес бактерияға қарсы терапия, резистентті штаммдарға қарсы терапия.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
01.png02.png03.png04.png05.png06.png