Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Үйде отырып МӘМС жүйесіне қалай қатысуға болады

on .

 

МӘМС бойынша жеңілдік жасалған кезеңнің аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды. Сондықтан, медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізге мән беріп, ойлануға тура келеді. Қазір жарналар мен аударымдарды ресми сайттар немесе қосымшалар арқылы үйден шықпай-ақ аудара аласыз. Бұл тәсіл, әсіресе, қазіргідей әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қозғалыс пен байланысты барынша шектеу қажет болып тұрған кезде өте маңызды. Сақтандыруға қатысты интернеттегі қызметтер жайлы толығырақ төмендегі материалда. 

 

Еске салайық, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, басқа адамдарға қызмет көрсететін азаматтар) бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса алады. 2020 жылы астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары БЖТ ретінде 2 651 теңге (1 АЕК), ал елді мекендердің тұрғындары 1 325,5 теңге (0,5 АЕК) төлейді.

Жұмыссыз ретінде тіркелмеген үй шаруасындағы әйелдер ең төменгі жалақының 5% (2020 жылы 2 125 теңге) мөлшерінде тәуелсіз жарна төлеп сақтандырыла алады. 

 

БЖТ төлеу

Бірінші әдіс - «Қазпошта» сайты мен қосымшасы

Бірыңғай төлем жүйесіне Қазпоштаның post.kz сайты арқылы төлеу үшін MyKazpost қосымшасының «Төлемдер» бөліміне өтіп, «Әлеуметтік төлемдер» тармағын таңдап, «Бірыңғай жиынтық төлем» түймесін басыңыз. Тиісті жолдарды: төлеушінің ЖСН, туған күні, төлемнің мөлшері мен мерзімін толтырыңыз. Әрі қарай төлем мөлшерін таңдау керек (тіркеу орнына байланысты - қала немесе ауыл). Осыдан кейін төлеу әдісін көрсетіп, төлемді растаңыз. Түбіртек «Төлемдер журналында» сақталады. 

Қосымшада да тура сайттағы әдіске ұқсас «Төлемдер» бөлімін таңдайсыз, «Бірыңғай жиынтық төлем» енгізіп, төлеуші туралы мәліметті, төлем деректемелерін, мерзімі, сомасы мен картаны таңдап, төлем жасау керек. Қызметке ақы төлегеніңіз үшін бонус беріледі.

Екінші әдіс - SMS

KCell, Activ ұялы операторларының пайдаланушылары SMS арқылы бір жолғы төлемді төлей алады. Ол үшін 5505 нөміріне «gorodesp ИИН»/«kalaesp ЖСН» (қала тұрғындары үшін) және «seloesp ИИН»/«aulesp ЖСН» (ауыл тұрғындары үшін) мәтінін теріп, хабарлама жіберіңіз. Осы ай төлем мерзімі ретінде есептеледі.

Beeline абоненттері 2020 номеріне төлем мөлшері мен мақсатын және ЖСН көрсетілген мәтінді хабарлама жіберу арқылы БЖТ төлей алады. Мысалы, 2651 gorodesp XXXXXXXXXX.

Сонымен қатар, сіз БЖТ төлемін beemoney.beeline.kz сайтында төлей аласыз. Схемасы қарапайым - «Қосымша қызметтер», «Басқа», содан кейін «БЖТ» тармағын таңдап, қалаған сәйкестендіргішті (қала немесе ауыл) басыңыз. Әрі қарай ЖСН, телефон нөмірін, төлеу мерзімін енгізу керек, «Мен робот емеспін» және «Келесі» деген түймені басыңыз. Осыдан кейін төленетін сома шығады. Айтпақшы, БЖТ тек осы және келесі ай үшін төлеуге болады. Сонымен бірге, БЖТ бірнеше айға алдын-ала төлеуге де рұқсат, бастысы ақшаның қай айларға аударылғанын көрсету керек. 

Үшінші әдіс - SmartAstana мобильді қосымшасы

SmartAstana қосымшасы БЖТ төлеуге ыңғайлы құралдардың біріне айналуы мүмкін. Жүктеп алғаннан кейін «Менің төлемдерім» бөліміне өту керек, «Бірыңғай жиынтық төлем» тетігін басып, ЖСН енгізіп, тұрғылықты жерді (қаланы немесе ауылды) таңдаңыз, төлемнің басталуы мен аяқталу уақытын көрсетіңіз (төлем бір ай үшін жасалса, аяқталуды таңдамайсыз). «Есептеу» түймесін басыңыз. 

Төртінші әдіс - банктердің мобильді қосымшалары

БЖТ төлеу және сақтандыру мәртебесін алудың тағы бір қарапайым әдісі – екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдалану. Олардың тәртібі ұқсас – мысалы, kaspi.kz-те төлеу үшін «төлемдер» бөліміне барып, іздеу жолында «Бірыңғай жиынтық төлем» деген жазуды таңдаңыз, тіркеу орнын, төлем мерзімін және ЖСН енгізу керек. Айтпақшы, БЖТ әр ай үшін бөлек төлеу керек.

Сонымен қатар, БЖТ төлемін «HalykBank», «ForteBank», «Қазақстанның Жинақ банкі», «Jysanbank» және «BankCenterCredit» мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

 

 

Өздігінен төлеушілерге

Бірінші жол. «Қазпочта» сайты және қосымшасы

Бұл процедура да БЖТ төлеу тәртібіне ұқсас. «Төлемдер» бөліміне, сол жерден «Әлеуметтік төлемдер» бөліміне өтіп, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» таңдаңыз. Сондан кейін ЖСН, туған күн, төлемнің мөлшері мен мерзімін енгізіңіз, төлем түрін көрсетіңіз: аударымдар/ жарналар, төлем әдісін көрсетіңіз және төлемді растаңыз. 

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына келесі жұмыс күні түседі.

Бұл қызмет жеке тұлғаларға да, жеке кәсіпкерлер де арналған.

«Қазпочта» қосымшасында «Төлемдер», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» көрсетіп, барлық жолдарды толтырыңыз да, төлем жасаңыз.

Екінші жол. Kassa24.kz сайты

Өздігінен төлеушілер (сонымен қатар жеке кәсіпкерлер) медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу үшін kassa24.kz жедел төлемдерінің бірыңғай жүйесін қолдана алады. Мұнда қызметтер тізімінен «Басқа төлемдер», содан кейін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тармағын таңдап, ЖСН мен толық аты-жөніңізді енгізіңіз. Осыдан кейін мерзімді көрсетіп, несие картасымен комиссияны төлеңіз (комиссия 2%).

Үшінші жол. Банктердің мобильді қосымшалары

«Төлемдер» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары» дегенді енгізіп, төлеушінің типін (өздігінен төлеуші) таңдаңыз, төлем мерзімі мен ЖСН көрсетіңіз, төлем үшін шотты таңдаңыз және «Жалғастыру» түймесін басыңыз.

Төртінші жол. ESalyq салық әмияндары

Жақында eSalyq салық әмияны мобильді қосымшасы пайда болды, мұнда бірыңғай жиынтық төлемді төлеу өте ыңғайлы. Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен жүктеуге болады, ал «БЖТ төлеу» бөлімін басты беттен табасыз. Қызметке ақы төлеу «Қазпочта» АҚ арқылы электрондық үкіметтегі төлем шлюзінің көмегімен жүзеге асырылады. Комиссияға 100 теңге ұстайды. 

Міне, осылайша үйден шықпай-ақ МӘМС жүйесінде сақтандырылуға болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жеңілдік кезеңі аяқталуға жақын. 1 шілдеден бастап сақтандырылмаған адамдар медициналық қызметтерді тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ала алады. Ал сақтандырылған адамдарға кеңейтілген медициналық қызметтер қол жетімді. МӘМС пакетіне консультациялық-диагностикалық қызметтер кіреді, оның ішінде қымбат (КТ, МРТ), жоспарлы стационарлық көмек, қалпына келтіру және оңалту емі және т.б. бар.

Қайнар көзі: https://kaz.nur.kz/1859595-jde-otyryp-mms-zjesine-kalaj-katysuga-bolady.html

01.png02.png03.png04.png05.png06.png