Дариға Назарбаева «Қамқорлық» оңалту орталығында болды
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» базасында орналасқан «Қамқорлық» қалалық оңалту орталығында болды.
Орталықты аралау кезінде Дариға Назарбаева ата-аналарымен және олардың балаларымен, сондай-ақ медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.
Бұл Орталық Қазақстан үшін инновациялық орталық болып табылады. Онда нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген.
«Қамқорлық» оңалту орталығында БЦС және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың жүру және қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге арналған бірегей медициналық жабдық-костюмдер, тренажерлер мен жетекші отандық және әлемдік өндірушілердің құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар ЕДШ, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед және дефектолог мамандардың күнделікті жеке сабақтары қарастырылған.