Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

"Қамқорлық" оңалту орталығы

on .

"Қамқорлық" оңалту орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК базасында орналасқан.

"Біздің оңалту орталығында бірегей медициналық жабдықтар - жүру дағдыларын, БЦП және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың қозғалғыштығын қалпына келтіру үшін отандық және әлемдік жетекші өндірушілердің костюмдері, тренажерлері мен құрылғылары орнатылған. Сонымен қатар ЕДШ, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопедпен, дефектологпен және т. б. күнделікті жеке сабақтар қарастырылған.

"Қамқорлық" орталығына әрбір бала емдеуші дәрігердің көрсеткіші бойынша кіре алады. Ол үшін балаға невропатологтың кеңесі қажет, онда оңалту көмегінің қажеттілігі көрсетіледі. Бұдан әрі жолдаманы тұрғылықты жері бойынша емхана емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы мынадай тексерулер болған кезде рәсімдейді:

  • ЖҚТ,
  • ЖНТ,
  • нәжіс талдауы,
  • баланың және алып жүретін адамның covid-19-ға мұрынның жұтқыншағынан  ПТР жағындысының нәтижесі теріс болуы тиіс.

Айта кетейік, біздің орталықта емдеу тегін жүргізіледі" - деді директордың МҚСБ және ҚҚ жөніндегі орынбасары Кожекенов Динат Ерікұлы.

01.png02.png03.png04.png05.png06.png