Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«Қамқорлық» оңалту орталығы

on .

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қоры арасында қол қойылған меморандум аясында өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығы құрылды және ашылды.

Бүгін «Қамқорлық» оңалту орталығына жұмыс сапарымен: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Сержанұлы Азбергенов, Бас директордың орынбасары Әсел Дулатқызы Шілдебаева, жобалық басқару департаментінің директоры Барлық Әдепқанұлы Төреханов, жобалық басқару департаментінің менеджері Бекзат Омарқызы Кеңесова келді.

Бұл орталық нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтуда ең жақсы отандық және әлемдік әдістемелерді шоғырландыруға арналған.

Естеріңізге сала кетейік, «церебралды сал ауруы» термині ұрықтың құрсақішілік өмір кезеңінде, босану кезінде және/немесе нәресте өмірінің алғашқы айларында мидың дұрыс дамымауы және/немесе оның зақымдануы нәтижесінде пайда болатын қозғалыс бұзылыстарының синдромдарын біріктіреді. Ол, ең алдымен, бұлшықет тонусының әртүрлі бұзылыстарымен, тік позаны дұрыс сақтай алмауымен және мақсатты қозғалыстармен сипатталады. Зақымдайтын факторлар дамып келе жатқан миға әсер ететіндіктен, церебралды сал ауруының белгілері әдетте бала өмірінің алғашқы жылында оның ерте моторикасының бұзылуы түрінде байқалады және өмірінің барлық жылдарында белгілі бір дәрежеде сақталады.

Қозғалыс бұзылуларынан басқа, церебралды сал ауруымен сөйлеу және психикалық дамудың патологиясы да байқалуы мүмкін. Алайда, церебралды сал ауруымен ауыратын көптеген балалар қалыпты интеллектуалды және сөйлеу қабілетіне ие екенін атап өткен жөн.

Біздің «Қамқорлық» оңалту орталығында мамандар әр балаға аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылады, оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 91
  • 92

01.png02.png03.png04.png05.png06.png