Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ерте жастағы балалар патологиясы

Бөлімше меңгерушісі дәрігер педиатр – Тимур Әбдіқадырұлы Нұрлыбеков,

Астана медициналық университетінің «№1 балалар аурулары» кафедрасының түлегі, жоғары білікті маман.

Тимур Әбдіқадырұлының басшылығымен дәрігерлер ұжымы жұмыс істейді, олар үшін медицина тек қана жұмыс емес, әуестік.

Телефон: 35-11-79

Ерте жастағы балалар патологиясы бейініндегі жас балалар патологиясы бөлімшесі №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының 4 қабатында орналасқан және 45 төсекке есептелген (15 жоспарлы, 30 шұғыл, 3 паллиативті).

Бөлімшенің негізгі мақсаты – тыныс алу жолдарының қабыну аурулары бар 1 айдан 1 жасқа дейінгі балаларды емдеу.

Бөлімше «Ана мен бала» қағидасы бойынша жұмыс істейді, бұл ананың өз баласының жанында тәулік бойы бірге болуын көздейді.

Бөлімше базасында Астана медицина университетінің «№1 балалар аурулары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кеңес береді. Кафедра жетекшісі – профессор, м.ғ.д., жоғары санатты дәрігер педиатр, аллерголог – иммунолог Моренко Марина Алексеевна. Кафедра доценті, жоғары педиатр дәрігері Гатауова Мадина Рафхатовна бөлімшеге консультациялық көмек көрсетеді.

Медициналық көмек балаларға дем алу органдарының аурулары (пневмония, бронхит) БЖАБЖ бағдарламасы бойынша көрсетіледі. Балалар емхананың жолдамасы бойынша «емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызылады.

Нозологиялық бірліктердің тізбесі бойынша балаларға стационарлық көмек көрсетеді:                       

- жіті пневмония  (рахит, анемия, гиповитаминоз, аномалия, АИТВ (ЖИТС), жұқпалы аурудан басқа);

- жіті пневмонияның асқынған түрлері;

- қайталанатын бронхиттер;

- жіті обструктивті бронхиттер;

- бронхиолиттер;

- аспирациялық пневмония;

- ұзақ жөтел синдромы. 

Бөлімше табиғи тамақтануды қолдау саясатын жүргізеді.

Бөлімшенің әрбір палатасында ақпараттық стендтер, емшекпен емізу техникасының схемалары орналасқан. Балаларды емізудің артықшылықтары бойынша жеке кеңестер жүргізіледі.

 

01.png02.png03.png04.png05.png06.png