Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламасы

on .

Қазақстанда созылмалы ауруларды емдеуді жақсарту, аурудың асқынуын азайту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. АББ-ға артериялық гипертензия, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және қант диабеті сияқты аурулар кіреді.

Ауруларды басқару бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді адамның емхана қызметкерлерімен, яғни түрлі мамандықтағы дәрігерлер мен мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және психологтармен - мультитәртіптік  командамен тиімді түрде өзара әрекеттесуі болып табылады.  

Медициналық сақтандыру жүйесі

on .

Медициналық сақтандыру жүйесі – халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған игі бастама. №1 қалалық балалар ауруханасының ұжымы осындай пікірді алға тартып отыр. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көрді. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады. 

Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ.

Әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік өткізіледі

on .

2019 жылғы 15-24 қазан аралығында Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардар болу күні аясында Қазақстанда әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік өткізіледі!

 

Ал сіз сүт безі обырының алғашқы симптомдарын білесіз бе?

 

✔ Бір немесе екі кеуденің нығыздалуы,

 

✔ Сүт безі түрінің бұзылуы,

 

✔Жүктілік пен лактацияға байланысты емес бір немесе екі емізіктен патологиялық бөлінулер.

 

✔Бөліндінің түсі мен консистенциясы әр түрлі болуы мүмкін.

 

✔Емізік  жанындағы қабыршақтар, қабыршықтанып, одан кейін ұсақ жаралар, эрозиялар қалдырады.

 

✔Бездің тері қабаттарында қызыл және тіпті күлгін түсті дақтар.

 

01.png02.png03.png04.png05.png06.png