Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ЖРВЖ және тұмаудың алдын алу

Тұмау — ауыр вирустық инфекция, адамдарға жынысы мен жасына қарамай жұғады. Бұл жіті ауру, уыты денеге тез тарайды, ринит сияқты қабынады, мұрын бітеліп,  жөтелуден бронх зақымданады.

Жіті респираторлық аурулардың ең ауыр түрі – тұмау. Дегенмен оның жеңіл және ауыр түрі болады. Басқа ЖРВЖ және ЖРА түрлерінен тұмауды ажырату мүмкін емес. 

Тұмаудан қандай қауіп төнеді?

Вирус екі-үш күн іште байқатпай көбейеді. Әбден көбейіп, күш жинап алып, өз белгілерінен хабар бере бастайды. Сөйтіп жедел клиникалық белгілер кезеңі басталады. Ауру бейнеті адамның жасына, ағзасының денсаулығына, сонымен қатар, тұмаудың бұл түрімен бұрын ауырған, ауырмағанына байланысты болады. Симптомдары іште болып жатқан құбылыспен тікелей байланысты. Біріншіден, вирус өзінің өнімдерімен организмді улайды, сондықтан адам әлсіздікті сезінеді, бұлшықеттері мен буындары сырқырап, басы ауырады. Екіншіден, вируспен күресу үшін  дене қызуы көтеріледі, ең ауыр жағдайда 39-40С дейін жетеді. Үшіншіден, тыныс алу жүйесінің зақымдануы салдарынан жөтел пайда болып, мұрыннан су ағады.

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді

 

 

 

Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді анықтаудың  инновациялық жеделдетілген әдістері мен оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген әдістері әрбір азаматқа тегін негізде қолжетімді.

2005 жылдан бастап 2014 жыл аралығында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 54,9%-ға, өлім көрсеткіші – 76,4%-ға төмендеді.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

  • туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,5%-ға төмендеді.
  • өлім көрсеткіші 12,5%-ға төмендеді. 

Туберкулезді анықтаудың және оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген инновациялық әдістерінің барлық түрлері қолданысқа енгізілген.

Қазақстан АИТВ-инфекциясынсыз

 

 

 

АИТВ-инфекциясындиагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады. Республика бойынша жыл сайын 10% астам халық, АИТВ-ға тестілеуден өтеді. 

Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады: кездейсоқ адамдармен қорғансыз жыныстық қатынас жасаудан аулақ болу, уақытылы диагностикадан өту және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу, залалсыздандырылған аспаптарды пайдалану және АИТВ-ға тест тапсыру. 

АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады. 

1 1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png8.png