Мы в соц.сетях:      E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ана сүтімен сәтті емізудің он қадамы

Ана сүтімен сәтті емізудің он қадамы.

1а. «Ана сүтінің алмастырушыларын тарату бойынша халықаралық ережелерді» және дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясымен қабылданған барлық резолюцияларды толық орындау қажет.

1б. Жаңа туған нәрестелерді тамақтандыру саясаты: ана сүтімен емізу бойынша жазбаша бекітілген саясаттың болуы және оны жүйелі түрде медициналық ұйымның барлық қызметкерлеріне және отбасы мүшелеріне хабардар ету.

1с. Жүйенің мәдіметтерін басқару және мониторингілеу: жүйенің мәліметтерін тұрақты түрде  басқару  және мониторингілеу.

2. қызметкерлердің құзыреті: ана сүтімен емізуді қолдау бойынша медициналық персоналдың білім мен дағдыны жеткілікті игергеніне көз жеткізу.

Негізгі клиникалық тәжірибе.

3. Антенальды ақпарат: Жүкті әйлдермен және  олардың отбасы мүшелерімен ана сүтімен емізудің маңызы мен әдістері туралы талқылау.

4. Тікелей постнатальды күтім: Аналарға терімен – тері жанасуын тез арада және ұзақ жүргізуге ықпал ету және босанғаннан кейін ана сүтімен емізуді барынша ертерек бастау үшін аналарға қолдау көрсету.

5. ана сүтімен емізуді қолдау:

Барлық аналарды ана сүтімен емізуге және лактацияны басқару әдістеріне ынталандыру.

6. қосымша тамақтандыру: ана сүтін еметін жаңа туған нәрестелерге медициналық көрсетімдерден бөлек жағдайларда, басқа тағамды немесе сұыйқты бермеу.

7. Бірге болуы: ана мен баланың күндіз де, түнде де бір палатада бірге тәжірибелеу.

8. Сұрасына қарай емізу: баланың омырауды емуге даындығын танып – білу және оған әрекет жасау үшін аналарға қолдау көрсету.

9.Бөтелкемен емізу, емізіктер, босемізіктер: аналарға бөтелкемен емізу, емізік, босемізіктерді қолдану және олардың қауіп – қатері бойынша кеңес беру.

10. Ауруханадан шығарылғаннан кейінгі күтім: барлық ата – аналарды дер кезінде тұрақты қолдау мен күтімге қатысты көмекті қайдан алуға болатыны туралы хабардар ету.

 

Эмоционалдық байланыс

Ана мен бала арасында өзара сүйспеншілік сезімін оятатын тығыз қарым-қатынас туындайды.

Анада сәбиән емізуден және оны толыққанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттану сезімі қалыптасады.

Сәби сирек жылап, салмағы арта бастайды.

Анасының сенімділігі арта түседі.

Сәбидің тастанды болу немесе жәбірлену мүмкіндігі сирек кездеседі.

Ана сүтін емізудің отбасы үшін артықшылықтары

Емізулі анаға арналанған тиісті емдәмнің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаның құнынан төмен.

Ана үнемделген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады.

Емізуге және  сүтті саууға қажетті қоспалар мен жабдықтарды ( сүтсауғыш және т.б.) сатып алудың қажетті жоқ.

Отбасы электр энергиясына, суға, жарнамайға деген  қосымша қаражатты да шағындамайды.

Медициналық кеңестер, дәрі – дәрмектерге, зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шағындар азаяды. Ана мен баланың денсаулығы мықтырақ болады.

Ана үшін артықшылықтары

Ана сүтін емізу босанғаннан кейінгі қан кету мне анемияның даму қаупін азайтады.

Омыраумен емізу ананың тән сымбатын қалпына  келтіруге көмектеседі. Ана сүтімен емізу жаңа жүктілікті болдыртпайды.

Ана сүтін емізуді сәтті бастау анада өзінің сәбиін үйлдесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалуптасуына жағдай жасайды.

Ана сүті әруақытта қолжетімді және уақытты, қаражатты үнемдеуге, сонымен қатаркүш – қуатты қалпына келтіруге мүмкін береді.

Бала үшін артықщылықтары

 

 

 

Ана сүтінің құрамында  Сіздің сәбиіңіздің қалыпты өсіп – дамуына жетілікті мөлшерде болатын барлық қажетті заттетер : нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су, ферменттер болады.

Ана сүтін емген балалардың денсаулыіы анағұрлым мықтырақ болады.

Ана сүті жұқпалардан қорғайды, сондай – ақ, аллергия, диабет және дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.

Ана сүтін емген балалар арасында сәбилердің кенеттен өліп кету синдромының даму қаупі төмен болады.

Ана сүті стерилді, бактериялармен зарарланбайды және де микробтарға қарсы тұратын қасиеттері бар.

Ана сүтінің температурасы қалыпты, әрқашан қолжетімді, стерилді және қауіпсіз қорек.

Ана сүтінде сәби миының дамуына қажетті алмастырылмайтын  май қышқылдары бар.

 

 

 

Ана сүтін емізудің артықшылығы

Ана сүті – емізулі баланың дене бітімі мен ой – санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсауылығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін тендесі жоқ қорек болып табылады.

Ана сүтін емізу баланың иммунитетун қалыптастырып және денсаулығын нығайта отырып, ана мен бала арасындағы псиохоэмоционалдық байланыстың туындауына ықпал етеді.

01.png02.png03.png04.png05.png06.png